Таулы аймақтарда 4 см қар түскен

Жарияланды
Су басудың алдын алу, қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматы қаласында жаңбыр жауып, таулы аймақта қар түсті. Таулы аймақтарда 4 см қар түскен. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Су басу мен көктайғақтың алдын алу мақсатында 397 бірлік арнайы техника, оның ішінде 37 құм төгетін машина жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 мотопомп және 866 жол жұмысшылары тартылды.

 

Қаланың жоғарғы бөлігіне тайғаққа қарсы 15 тонна материалдар себілді.

 

​Қала және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз