Студенттер PLA пластиктен маска жасап шықты

Жарияланды
Оларды 3D принтерде дайындап шығарды

АЭжБУ профессорларының жетекшілігімен ҒТТ (Ғарыштық техника және технологиялар) мамандығының студенттері Solidworks бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде медициналық маскаларға арналған арнайы құрылғылар мен PLA пластиктен жасалған бастапқы қорғанудың мөлдір маскаларын жасап, оларды 3D принтерде дайындап шығарды. Бұл туралы Алматы энергетика және байланыс университетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Осылайша, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің еріктілері Әлемдік пандемияның барлық кезеңінде коронавируспен күрестің алдыңғы шептерінде тұрған адамдарға көмек көрсетуден тыс қалмады.

Бұл екінші акция. 15 сәуір күні АЭжБУ студенттері өз ғылыми зерттеулерінің аясында дайындалған, стартап жобасының негізінде алынған маска ұстағыштардың бірінші партиясын ҚР Фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығына қайтарымсыз тапсырған болатын.

 

100-ден астам медициналық маскалар мен 25 алғашқы қорғанудың мөлдір маскалары берілді.

 

Сондай-ақ оқыңыз