Әскери дәрігерлер өздерінің азаматтық әріптестеріне көмектесуге әзір

Жарияланды
Талдықорған және Үшаралда орналасқан госпитальдар тұрғындарды қабылдауға қайта бейінделеді 

Алматы облысының әскери-медициналық мекемелері Денсаулық сақтау министрлігіне коронавирусқа қарсы күресте көмектесуге әзір екенін жеткізді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
 
 

Талдықорғанда және Үшаралда орналасқан госпитальдар мен емханалар тұрғындарды қабылдауға қайта бейінделеді. 

Сондай-ақ, әскери қызметшілер елді мекендердің аумағын зарарсыздандыруға да көмектесуде. ҚР-да төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап Қорғаныс министрлігінің биологиялық қорғау бөлімшелері 27 қалада 3 700-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысандарда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді. 

Әскери қызметшілер бақылау-өткізу бекеттерін күшейтуге де жұмылдырылған.

 

Сондай-ақ оқыңыз