Шығыс Қазақстанда дала өртеніп жатыр

Жарияланды
Өрт аумағы 100 га құрайды

Шығыс Қазақстан облысында дала өртеніп жатыр. Өрттің жалпы аумағы 100 гектарды құрайды, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».

«Өткен тәулікте облыста 27 оқиға тіркелді. Дала өрттерінің көбісі Үржар, Бесқарағай, Күршім, Жарма, Қатон-Қарағай, Глубокое, Көкпекті және Ұлан аудандарында орын алуда. Өрттің аумағы 98 гектардан асады»,- делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Ең ірі өрт Бесқарағай ауданында тіркелді, мұнда 49 га құрғақ шөп өртенген. Ауданның үш жерінен шыққан жалынды өрт сөндірушілері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сөндірді.  

Сондай-ақ оқыңыз