Полиция да психологтардың көмегіне жүгініп жатыр

Жарияланды
Тәртіп сақшылары бір жарым ай бойы отбасыларына бармаған

 Алматы облысында бақылау-өткізу пункттеріндегі полиция қызметкерлеріне психологиялық қолдау көрсетіліп  жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Карантин енгізілгеннен бастап полиция психологтарының жұмысы шартты түрде көбейді. Олар карантиндік шаралар аясында қызмет ететін әріптестеріне психологиялық көмек көрсетеді.

Тәртіп сақшыларының көпшілігі бір жарым ай бойы отбасыларын көрмеген. 

 «Кадрлар және саясат басқармасының инспектор – психологтары оқшаулау бекеттеріндегі қызметкерлермен моральдық және психологиялық климатты сақтау үшін жұмыс жасайды. Бұл бағыттағы жұмыс карантин аяқталғанға дейін жалғасады, көбінесе жоғары психологиялық стрессте жұмыс істейтін қызметкерлерге бағытталады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

 

Сондай-ақ оқыңыз