Оңтүстік Кореяда 19 Қазақстан азаматы ұсталды

Жарияланды
Олар төбелеске қатысқан

Оңтүстік Кореяда төбелес кезінде 19 Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады. 

«Оңтүстік Кореядағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біздің дипломаттар аталмыш мәселені бақылауда ұстауда. Жергілікті полициямен және көші-қон қызметімен байланыста жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

 

ҚР СІМ мәліметі бойынша, 18 сәуір күні Оңтүстік Кореядағы қалалардың бірінде Қазақстан азаматтарының қатысуымен төбелес болған. Олар ол елде заңсыз жүрген.

 

 

Сондай-ақ оқыңыз