Маңғыстау облысында науқас Covid-19 қалай жұқтырған

Жарияланды
Ол короновируспен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам Ақтау қаласының тұрғыны. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

 

Коронавирус инфекциясы табылған азамат – Ақтау қаласының 30 жастағы тұрғыны. 
Науқас короновируспен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған.

 

Осы жағдай бойынша қарым-қатынас жасағаны мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

 

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 26 адам тіркелді.

 

Сондай-ақ оқыңыз