Қорымдарды қорғау керек

Жарияланды
Алматыда салынып жатқан модульдік аурухана қорымға жақын орналасқан

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров модульдік құрылыстың барысымен танысып, қорымдар жөнінде Кеңес құру бастамасын көтерді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ержан Бабақұмаров сапар барысында құрылыс жұмыстарының тарихи ғимараттар мен археологиялық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету нормаларының сақталуына аса назар аударды. Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов салынып жатқан госпиталь жақын орналасқан қорған кешеніне әсер етпейтінін айтқан.

«Қорған кешені тарихи-мәдени қордың бас жоспарына сәйкес қорғалуда. Ауруханадан қорғандарға дейінгі қашықтық 150 метрден асады. Қорғандардың күзет аймағы 50 метрді құрайды. Барлық ережелер сақталуда», — деп уақытша құрылыстың жеңіл құрылымдардан салынатынын атап өтті Алматы қаласының бас сәулетшісі.

Қалалық Мәдениет басқармасының мәліметтеріне сәйкес, құрылыс жұмыстары басталар алдында Алматы қорғандарының айналасындағы қорғау аймақтары ескерілді. Салынып жатқан модульдік құрылым Қорғанның қорғау аймағынан 50 метр қашықтыққа созылып, оған ешқандай зақым келтірілмеген.

Қорған өз аумағынан модульдік құрылымға дейін 170 метр қашықтықта, қорғаныс аймағынан 50 метр қашықтықта орналасқан.

Мәселені шешу және құрылыс алаңын бақылау барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровпен қорған кешенінің рекреациялық жоспары жасау қажеттілігі алға тартылды. Сонымее қатар, Алматы аумағында орналасқан Қорғандық кешендерді одан әрі дамыту кеңесін құру ұсынылды.

Оның құрамына археологтар мен тарихшылар қатарынан сарапшылар кіретін болады.

Сондай-ақ оқыңыз