Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам анықталды

Жарияланды
Covid-19 дертіне шалдыққандар саны 1757-ге жетті

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында –  9,  Қостанай облысында – 1. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 383 адам, Алматы қаласында – 535 адам, Қарағанды облысында – 93 адам, Ақмола облысында – 82 адам, Атырау облысында – 80 адам, Жамбыл облысында – 61 адам, Шымкент қаласында – 80 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 30 адам, Маңғыстау облысында – 12 адам, Қызылорда облысында – 149 адам, Батыс Қазақстан облысында – 63 адам, Түркістан облысында – 60 адам, Қостанай облысында – 20 адам. 

Жалпы 1757 науқас тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз