Skip to main content

Халыққа психологиялық көмек көрсету сайты іске қосылды

Бұл індет кезінде азаматтарды  қолдау үшін қажет

Фото: Shutterstock

Қазақстанда COVID-19 күресуде психологиялық көмек сайты іске қосылады,-деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министірлігі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы БҰҰ жанындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен https://covid-19.mentalcenter.kz  сайты құрылды.

Халыққа психологиялық көмек көрсетуге және азаматтарды қолдау үшін құрылған сайт 4 сәуір –жұмысын бастайды.

Қазіргідей қиын жағдайда-коронавирустық инфекция өршіген тұста адамдарды қолдау үшін (UNICEF, WHO, Төтенше жағдайда психикалық денсаулық    және психо-әлеуметтік қолдау бойынша ведомствоаралық Комитеттің жұмыс тобы) психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталды.

Жаңа сайтта оқырман өз сұрақтарына жауап ала алады, психолог немесе психотерапевттер онлайн кеңес береді. Сізге сілтеме жазылған хабарлама келеді, сол арқылы келісілген уақытта маманмен онлайн байланысқа шығуға болады.

Бұл жобаға еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, мемлекеттік емес секторлар жүйесінде жұмыс істейтін 50-ден астам маман қатысуда.
 

banner_wsj.gif

Тоқаев: "Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмеді"

Президент қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды

Фото: Асқар Ахметтулин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға тағы да шақырды. Президент коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін тілге тиек етті. 

Бұл ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растап отыр. 

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады», - деп жаз мемлекет басшысы.

 

Осы орайда Президент қазақстандықтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды:

 

«Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын».

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус індетінен 4 адам көз жұмды. Атырау және Қорағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қайтыс болды. 

3 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, өсім 2,3% құрап, ел бойынша 12067 адам коронавирус жұқтырған. Соның ішінде 6240 пациент аурудан емделіп шыққан. Бір тәуліктің ішінде 267  адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png