Қазақстандықтардың зейнетақы активі 12 трлн теңгені құрады

Жарияланды
Ерікті зейнетақы жарналары бір жыл ішінде 11,6% артқан

2020 жылдың наурыз айының соңын есептегенде Ұлттық банкке сеніп басқарылатын БЖЗҚ зейнетақы активінің мөлшері 11,7 трлн теңгені құрады. Бұл сома бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (9,6 трлн теңге) 2,1 трлн теңгеге немесе 21 пайызға артық,- деп хабарлайды ranking.kz.

 

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында жарнаның барлық түрі бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 2,7 пайызға өсіп, 10,7 миллионға жетті. Жеке зейнетақы шоттарының басым бөлігі бұрынғыдай міндетті зейнетақы жарналары болып табылады. Ол 10,1 млн құрайды. Ал міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының шоттары 514,8 мыңды құрайды. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша шоттар тұрақты өсуде – бір жыл ішінде олардың саны 11,6% артып, 55,4 мың жетті.

 

2019 жылдың қарашасында зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар аясында зейнетақы активі портфеліндегі валютаның бір бөлігін шетелдік басқарушы компанияларға кезең-кезеңімен беру процесі басталған еді. Сыртқы басқаруға беруге төрт халықаралық компания таңдалып алынды.

 

Осының нәтижесінде 2019 жылдың наурыз айында сыртқы басқарудағы активтер үлесі БЖЗҚ- инвестициялық портфелінің 1 пайызын құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3,3 пайызға немесе 385,3 млрд теңгеге теңеседі екен. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша сыртқы басқарудағы активтерден түсетін кіріс 59,8 млрд. теңгеге жетті. Бұл жалпы көлемнің 9% құрайды және кірістердің үшінші маңызды бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыз