Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің қызметкерінен коронавирус табылды

Жарияланды
Оның жағдайы тұрақты

Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады.

Оның айтуынша, қызметкер емделуде, оның жағдайы тұрақты.

«Онымен 530-дан астам адам байланыста болған. Оның ішінде 30 адам стационарлық, ал 80 адам үй карантинінде оқшауланған.Олардың көпшілігі бүгінгі күнге дейін үйлеріне шыққан. Қызметкерлер өз жұмыстарын атқаруда», – деді ол.

Өткізу пункттерінде, қала ішінде азаматтарды тексеретін, сондай-ақ медициналық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшылары коронавирус індетін жұқтыру қаупі бар тобына кіреді.

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 759-ға жетті.
 

Сондай-ақ оқыңыз