Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Жарияланды
Ауру жұқтырғандардың саны 802 дейін өсті

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1956 жылы дүниеге келген. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Қазақстанда коронавирустан 60 адам емделіп, көз жұмғандар саны 9-ға жетті.

Бейсенбі күні кешке Павлодар облысында 1936 жылы туылған науқастың қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 8 сәуірде пневмониямен ауруханаға түскен. Келесі күні оның анализінен COVID-19 оң нәтиже көрсеткен.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысы – 45 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 3 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 104 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам. 

Жалпы 802 науқас тіркелді.

 

Сондай-ақ оқыңыз