Қазақстан 22,5 млн.га егістік егеді

Жарияланды (жаңартылды )
Сонымен бірге майлы дақылдар мен көкөніс егілетін аумақ артады

Ағымдағы жылы егіс алқаптарының жалпы көлемі 22,5 млн.га құрайды. Бұл туралы 8 сәуірде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

«Жалпы 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік көлемі 22,5 млн га құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдарды өсіруге көшу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр» – деді вице министр. 

Соған сәйкес, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың алаңы 15,2 млн га, соның ішінде бидайдың алаңы – 11,4 млн га құрайды. 

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, майлы дақылдардың жоспарланған алаңы 3 млн га аумақты құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 122 мың га-ға артық екен. 

Облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,3 млрд теңге қарастырылған.

Қосымша республикалық бюджет қаражатынан 29,4 мың тонна тұқым және 838,7 мың дана элиталық көшет сатып алуға 2,5 млрд теңге бөлінген. 

Сондай-ақ оқыңыз