Қарулар заңсыз айналымнан алынды

Жарияланды
15 атыс қару тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан бері заңсыз айналымнан 15 атыс қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі бөлімдердің инспекторлары жергілікті полиция қызметімен бірлесе аталған желі бойынша құқық бұзушылық пен қылмыстарды ескерту мақсатында тұрақты түрде тексеріс жүргізеді.

Жыл басынан облыс бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша 15 факті анықталды. 

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Медвежка ауылының 29 жастағы тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтағанын анықтады. Ауыл тұрғыны тіркелмеген тегіс ұңғылы 16 калибрлі «ИЖ-К» мылтығын верандада сақтаған. Қарудың қайдан алынғаны туралы сұраққа ол мылтықты шамамен 10 жыл бұрын үйді сатып алған кезде тауып алдым деген жауап айтқан. Нәтижесінде мылтық алынып, ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы 1-бөлігі бойынша (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша хаттама толтырылды.

 Бұл бап бойынша қаруды тәркілеу және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. 
 

Сондай-ақ оқыңыз