Карантин кезінде бұзақылар зейнеткерлерге шабуылдайтын болған

Жарияланды
Олар қарттардың зейнетақы алатын күнін аңдитын болыпты

Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институтының əскери қызметшілері Дінмұхамед Алтынбек пен Ерзат Бекполов Алматы қаласындағы Жангелдин жəне Жүргенов көшелерінде орналасқан ауданда егде жастағы ер адамды құтқарды. Бұл туралы аталмыш институттың баспасөз қызметі хабарлады 

Əскери қызметшілердің айтуынша, дезинфекция жүргізу кезінде жаяу жүргіншілер жолының жиегінде жатқан қарт ер адамның жарақат алғанын жəне қанды көрген. Əскерилер шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатқан. 

«Біз жарақатты қолда бар заттармен таңдық. Таңғыш матаның орнына белбеу қолданып, жедел-жəрдем шақырдық», – деді əскери-инженерлік институтының 4 курс курсанты Дінмұхамед Алтынбек.
Зардап шегуші көп қан жоғалтқан, бірақ дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында тірі қалған. 
«Сол күні зейнетақы алғанмын, қолымда ақша салынған əмияным болды. Бұзақы менен ақша сұрады, беруден бас тартқаннан кейін пышақпен шынтақ буынының бүгілген жеріне соққы жасады. Балалар өз көмектері мен қоса қырағылықтарын көрсетті. Олар менің жарақатымды байлап, қан тоқтатып, жедел жәрдем шақырды. Мен оларға шексіз ризамын. Олардың өмірі мен қызметі сəтті болсын. Əскерилерді кəсіби мамандар даярлайтынына көзім жетті. Осындай жауынгерлер ел қорғаны болып тұрғанда біз тыныш өмір сүре аламыз», – деді Мерген Шымербаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Қарулы Күштері əскери қызметшілері үй-жайлар мен нысандарды, қоғамдық орындарды ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда. Алматы қаласында Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институтының бөлімшелерімен 5,5 млн шаршы шақырымнан аса аумақ өңделді.
 

Сондай-ақ оқыңыз