Карантин қазақстандықтардың әдет-дағдысын қалай өзгертіп жатыр?

Жарияланды
Халық қолын жиі жуып, жаңалық оқуды әдетке айналдырған

Nielsen маркетинг компаниясының қазақстандық кеңсесі елдегі тұтынушылық мінез-құлықтың өзгеруін зерттеп көріпті. Сауалнама 30 наурыз 5 сәуір аралығында жүргізілген. Бұл сауалнаманың нәтижесі карантин жағдайында қабылданған шектеулер қалытастырған шынайы жағдайды байқатады. 

Саналы түрде тұтынуға көштік 

Nielsen Қазақстан компаниясының коммерциялық директоры Мадина Сейсенғалиеваның айтуынша, тұтынудың осы кезеңдегі басты ерекшелігі – саналылық. Сауалнамаға қатысқандардың 81 пайызы коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін түсінеді. Бұл ретте респонденттердің 71 пайызы өз денсаулығына алаңдаса, 51 пайызы қаржылық жағдайын, әл-ауқатын уайымдап, 51 пайызын қымбатшылық орын ала ма деген ой мазалайды. 

Сауалнамаға қатысқандардың тек 19% жұмыспен қамту мәселенін қозғаған, алайда алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. 

Сонымен, карантин қазақстандықтардың қалыпты өмір салтын қалай өзгертті?
•    76%-ы қала бойынша қозғалысты шектеген;
•    69%-ы іс-шараларға қатысуын тоқтатқан;
•    56%-ы дезинфекция және жеке гигиена құралдарын сатып алған;
•     55%-ы қоғамдық көлікпен жүруден бас тартқан;
•    45%-ы азық-түлік қорын сайлап алған;
•    Сауалнамаға қатысушылардың 29%-ы үйде, қашықтан жұмыс істеп жүр;
•    22%-ы ауруханаға немесе дәрігерге бармай тұра тұруды жөн көрген; 
•    19%-ы шетелге саяхатын кейінге қалдырған;
•    16%-ы үйіне дәрі-дәрмек толтырып қойған.

Карантин сауалнамаға қатысқандардың 4 пайызының ғана өмір салтына еш өзгеріс енгізбеген. 
Соның ішінде респонденттердің 49 пайызы Қазақстанда коронавирус таралу қаупі өте жоғары деп есептейді.  Сауалнамаға қатысқандар  елімізде эпидемия 3,5 айда аяқталады деп сенеді, ал Еуропада ол 5 айға дейін созылуы мүмкін деп пайымдайды.

Сонымен қатар, 96 пайызы эпидемияның салдарынан елде экономикалық дағдарыс басталатынына сенімді. Ол 1,5 жылға созылуы мүмкін. Сауалнамаға қатысушылардың үштен бір бөлігі халық осы жағдайға бейімделді деп санайды. Респонденттердің 66 пайызы үкіметтің қолға алған шаралары дұрыс деп санаса, 25 пайызы одан да қатаңдату керек деп есептейді. 

Карантин қол мен кірді жиі жууды үйретті

Адамдардың тұрмыс салты да біршама өзгерген. Мәселен, респондерттердің 26% пайызы кіржуғышты жиі пайдалана бастағандарын айтады. Оған қоса, дезинфекторларды да жиі қолнада бастаған.  

Сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы үйін бұрынғыдан да жиі жинайтынын айтса, 20 пайызы тиімділігі жоғары құралдарды пайдалана бастапты. Үй тазалауға қажетті дезинфекторлар да жиі пайдаланыла бастаған.  Жуынатып бөлмені де қайта-қайта жуып-тазалап отыратын болған.

Ал жеке бас тазалығына келер болсақ, сауалнамаға жауап бергендердің 80 пайызы қолын жиі жуы бастағанын, ал 34 пайызы суға жиі түсе бастағанын жазған. Ал 12 пайызы сондайлық өзгеріс болған жоқ деп жауап беріпті.

Бәрі жаңалықтан хабардар

Жаңа кезең қалыптастырған тағы бір әдет – жаңалықтарға құлақ түре жүру. Сауалнамаға қатысқандардың үштен екісі күніне бірнеше рет, төрттен бір бөлігі күніне бір рет жаңалықты шолып өтеді екен. Жаңалықты екі-үш күнде бір рет оқитындардың қатары – 5%, ал 3%-ы аптасына бір рет және одан да сирек жаңалық қарайды. 

Қазақстандықтардың негізгі ақпарат көздері: ТВ-жаңалықтары – 51%, әлеуметтік медиа –56%, мессенджерлердегі чаттар – 35%. 34%-ы онлайн іздеу жүйелері арқылы жаңалық іздейді. Қазақстандық басылымдарды респонденттердің  28%-ы оқып тұрса, 24%-ы coronavirus2020.kz арнайы интернет-ресурсына үнемі кіріп, жаңалықтарды біліп отырады.  

Зерттеу қазақстандықтардың әлеуметтік желіде отыратын уақытының, сондай-ақ видеоконтент және онлайн-оқудың танымалдығы артқанын атап өтеді. Сауалнамаға қатысушылардың жартысы әлеуметтік желілерге жиі кіре бастағанын мойындаса, 44%-ы әдеттегі деңгейде деп атап өтті, 2%-ы әлеуметтік желіге деген қызығушылық төмендегенін тағы 2% адам  әлеуметтік желіні пайдаланбайтынын айтқан.

 Ал онлайн оқу бағытында мынандай өзгерістен орын алған: 42%-ы жиі оқи бастаса, 41% үйреншікті деңгейді сақтап қалған. Ал респонденттердің 4 пайызы онлайн оқуды азайтса 13%-ын онлайн оқу деген мүлдем қызықтырмайды.

Ал онлайн ойындарға келер болсақ, сауалнамаға қатысқандардың 17%-ы бұрынғыдан жиі ойнай бастағанын айтса, 32%-ы каранинге дейін де ойнап жүргенін жазған.  6%-ы онлайн ойынды азайтса, 16% бұл затқа қызығушылық танытпайды. Респонденттердің 24%-ның жанына музыка немесе онлайн-радио тыңдау жақын. 

Сонымен қатар, карантин кезінде видеоконтентке деген сұраныс артып, қаралым саны күрт көбейген. Респондерттердің 43 пайызы видоены бұрынғыдан да көбірек көре бастағанын айтса, 44 пайызы бұған дейін қалыптасқан дағдысын өзгертпеген. Респонденттердің 11%-ы аудиокітап тыңдауды жиілетсе, 34%-ы бұрынғынсынша тыңдап жүр. Ал 49% аудиокітаптарға қызығушылық танытпайды екен.

Бұл ретте кітап-журнал, газет оқудың артқанын байқауға болады.  Сауалнамаға қатысқандардың 19 пайызы қазір кітап оқуға ден қойса, 47 пайызы кітап оқу көрсеткіші өзгермегенін айтқан. Ал 8 пайызының кітапқа деген қызығушылығы төмендесе, респонденттердің 26 пайызы кітап бетін ашпайтын көрінеді. 

Nielsen Kazakhstan коммерциялық директоры Мәдина Сейсенғалиева коронавирустың таралу қаупі адамдарды өз қорғанысын нығайтуға мәжбүрлегенін атап өтті. Жеке гигиена құралдары мен ұзақ уақыт сақталатын өнімдер – ең негізі және қат тауарға айналды.

Мысалы, Италияда санитайзер сатылымы 4563%- ға, Сингапурда – 834%-ға, Ұлыбританияда – 746%-ға, Франция мен Германияда 446%-ға өскен. Ал қарапайым сабынға деген сұраныс  Оңтүстік Кореяда  333%-ға, Ұлыбританияда – 215%-ға, Францияда – 99%-ға, Италияда 84%-ға өскен. 
Ұлыбританияда балаларға беретін дәрілерінің сатылымы 214%-ға артса , ал Испанияда термометрге деген сұраныс 262%-ға өскен. Италияда тазалау құралдарының сатылымы 106%-ға көбейсе, Қытайда медициналық маска мен дәретхана қағазына деген сұраныс жоғары. АҚШ-та медициналық спирт сатылымы 277%-ға артқан.

Адамдар сонымен қатар азық-түлікті де жаппай сатып алып жатыр. Мәселен, Сингапурда консервіленген үрмебұршақ сатылымы 306%-ға артса, ал ет консервілеріне деген сұраныс 293%-ға өскен. Францияда макарон сатылымы 71%-ға артыпты. Германияда нан пісіруге арналған қоспалардың сатылымы 392%-ға, күріштікі 164%-ға өсті. Оңтүстік Кореяда кофе капсулаларының сатылымы 115%-ға, дайын сорпанікі – 65%-ға, Қытайда кеспенің сатылымы 114%-ға өскен. Ал Ресейде негізгі өнімдер – қарақұмық (өсім 66%), күріш (64%) және қант (56%) бірден салытып кетіп жатыр. 

 

Сондай-ақ оқыңыз