Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған адамның жағдайы ауыр болған

Жарияланды
62 жастағы ер адам

62 жастағы ер адам ауруханаға жатқызған кезде оның екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды. Бұл жайында Қарағанды облысының Денсаулық сақтау  басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев брифинг барысында мәлімдеді. 

«30 наурызда 62 жастағы ер адам Қарағандыдағы қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Госпитализация кезінде оған екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі диагнозы қойылған. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды.На уқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған медициналық хаттама барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып көрсетілді. Қарқынды терапияға қарамастан науқастың жағдайы біртіндеп нашарлады. Бүгін таңертеңгі сағат 7: 00-де жүрек соғысы тоқтады. Жүргізіліп жатқан реанимациялық шаралар нәтижесіз болды», – деді ол.

Нотариус болып жұмыс істеген. Науқаспен байланыста болғандардың барлығы 36 адам оқшауландырылды. Облыста коронавирус анықталған қалған 13 адам тұрақты бақылауда. Екі науқас осы аптада емделіп шығады деп жоспарланған.
 

Сондай-ақ оқыңыз