Індет туралы  жалған ақпарат таратқан  45 адам ұсталды

Жарияланды
Бұл адамдар халық арасында үрей тудырмақ

Коронавирус туралы жалған хабарлардың 45 авторы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жалған хабарламаларының авторлары нақты медициналық мекемелерді, елді мекендерді атап, вирус жұқтырғандардың, одан қайтыс болғандардың санын көрсетіп, шындыққа жанаспайтын жайттарды жазып, таратады. 

Қазіргі уақытта, ішкі істер органдары осындай 45 фактіні анықтады. Барлық кінәлі тұлғалар анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 «Шын мәнінде жоқ және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарата отырып, бұл адамдар халық арасында үрей мен артық алаңдаушылық тудырады”, – деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ-нің басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

 

Сондай-ақ оқыңыз