Елімізде тұрғын үй бағасы өсті

Жарияланды
Сонымен қатар, пәтерді жалға алу құны да қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті. Бұл туралы Tenge online телеграм каналында хабарлайды.

Әлем мен елдегі дағдарыстық жағдайға қарамастан Қазақстанда тұрғын үй бағасы өскен. Көпқабатты үйдегі жаңа пәтердің бір шаршы метрінің бағасы наурызда 0,1%, соңғы бір жылда  7% көтеріліп, 297,2 мың теңгені құрады. 

Ал қолданысқа берілген, екінші нарықтағы үйлерде шаршы метрдің бағасы 206,1  мың теңге болды. 
Пәтерді жалға алу құны да қымбаттаған. Көпқабатты үйлерде наурыз айында +1,6%, соңғы бір жылда +7,9% өсті. 
 

Сондай-ақ оқыңыз