Елімізде мамырдың соңында Covid-19 ауыратындар 5 мыңға жетпек

Жарияланды
Індетке шалдыққандармен байланыста болған 49 мың адам анықталды

Мамырдың соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

 

«Бүгінде коронавирус жұқтырған адамдар саны 3078-ге жетті. 774 адам емделіп шықты. Мониторингтің шаралармен індетке шалдыққандармен байланыста болған 49 мың адам қамтылды», – деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Оның сөзіне қарағанда, коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызында ауру белгілері аса білінбей өтеді, ал 20 пайызында ауырлығы орта дәрежелі деңгейде болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз