Елімізде геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі

Жарияланды
 Оған 50 миллиард теңге инвестиция  бөлінуі мүмкін

 Елімізде арналған жер қойнауын пайдалану саласында Жер қойнауы туралы жаңа Кодекс қабылданды. Осы Кодекс  лицензияларды берудің австралиялық үлгісі енгізілді. Осыған сәйкес  621 лицензия берілді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму минисірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Қазіргі уақыттағ Қазақстанның 1,2 млн кв.км. аумақта геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде мультипликативтік әсер етіп, сервистік компаниялардың дамуына, білікті кадрлар мен технологиялардың келуіне жол ашады. Осыған байланысты салаға 50 млрд. теңге көлемінде жеке инвестиция тартуға мүмкіндік туады. 

2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін салаға 122 млрд. теңге көлемінде шетел инвестициясы салынды. Бұл қаражаттың негізгі бөлігін ресейлік инвесторлар Жолымбет, Ақсу, Бестөбе, Суздальское, Сенташ, Қарабұлақ кен орындарына, Желтоқсан кенішіне, Көкбөріге алтын мен алтын кендерді өндіруге салды. Сондай-ақ Германия, Қытай, Канада, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Корея, Ливан, Түркия, Швейцария, Сербия. Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Австралия, Кипр, Люксембург, Оман және басқа да елдерден инвесторлар тартылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз