Skip to main content

Е. Біртанов: Карантин шаралары індеттің таралуын 52 пайыздан 12-ге дейін азайтты

3500 адам коронавируспен ауруы мүмкін

фото: kursiv.kz

Карантин шаралары індеттің таралуын 52 пайыздан 12 пайызға азайтты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.


«Біздің елімізде қабылданған қатаң карантиндік шаралар 28 наурызбен және өткен тәулікті есептегенде коронавирус инфекциясының таралу қарқынын 52 пайыздан 12 -ге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл өзгеріс санитарлық және медициналық қызметтердің жұмыс ауыртпалығын азайтып, науқастар мен байланысқан адамдарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деп жазды министр Facebook парақшасында. 


Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келетін де атап өтті министр.

 
«Басқа елдердің тәжірибесіне сүйенсек, Қазақстанда аурудың негізгі кезеңі сәуір-мамырда өтеді. Ал, індеттің шарықтау шыңы - сәуірдің бірінші жартысында болады деп болжап отырмыз. Осы уақытта шамамен 3500 адам коронавируспен ауруы мүмкін. Ары қарай, жаз айларында эпидемиологтар эпидемия толығымен тоқтамаса да баяулайтынын күтеді. Кейбір сарапшылардың болжамына сәйкес, биыл күзде індет қайталануы мүмкін», - дейді Біртанов.
 

banner_wsj.gif

Тоқаев: "Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмеді"

Президент қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды

Фото: Асқар Ахметтулин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға тағы да шақырды. Президент коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін тілге тиек етті. 

Бұл ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растап отыр. 

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады», - деп жаз мемлекет басшысы.

 

Осы орайда Президент қазақстандықтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды:

 

«Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын».

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус індетінен 4 адам көз жұмды. Атырау және Қорағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қайтыс болды. 

3 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, өсім 2,3% құрап, ел бойынша 12067 адам коронавирус жұқтырған. Соның ішінде 6240 пациент аурудан емделіп шыққан. Бір тәуліктің ішінде 267  адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png