Дәрігерді қорқытқан қылмыскер ұсталды

Жарияланды
Ол әкімшілік қамауға алынды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба тараған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не «қорқыту» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

 Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін хаттама толтырылды. Аудандық соттың қаулысымен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз