“Донорлық” акциясы аясында қан тапсыру шарасы ұйымдастырылды

Жарияланды
Семейдің ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлер қан қорын толықтырды

Шығыс Қазақстан облысы ОВ-156/15 мекемесінде «Донорлық» акциясы аясында қан тапсыру шарасы ұйымдастырылды , – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Семейдің қан тапсыру  орталығының  қорын ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері қан тапсырып толықтырды. Ерікті түрде қан өткізуге басшылықтан бастап жұмысшыға дейін ниет білдірді. Шара барысында донорлар алдын ала дәрігер бақылауынан өтіп, денсаулық жағдайларын тексертті. Сол жерде қан топтары нақтылап, гемоглабин көрсеткішін анықтап беріп отырды. Әр қызметкерден шамамен 350-450 мл. мөлшерінде қан тапсырды. Қызметкерлердің қатарында бірнеше рет донор атанған азаматтар да жетерлік.

Сондай-ақ оқыңыз