Биыл елімізде өзендердегі кеме қатынасымен 1,6 млн. тонна жүк тасымалданбақ

Жарияланды
Су жолдары 1 сәуір мен 12 мамыр аралығында ашылады

Биыл елімізде өзендердегі кеме қатынасымен 1,6 млн. тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram желісінде хабарлады. 

 

Өткен жылы елімізде өзендердегі кеме қатынасымен жасалған тасымалдың жалпы көлемі 1,5 млн. тоннаны құраса, биыл бұл көрсеткішті 1,6 млн. тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

 

Оның 650 мың тоннасы Ресей бағытында тасымал жасауы тиіс. 

 

Жалпы навигациялық маусымның ашылуы су жолдарының учаскелеріне байланысты 1 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүргізіледі. Осы маусымды уақытында ашу үшін 2020 жылғы 1-тоқсанда дайындық жұмыстары жасалды. Атап айтқанда, 3814 навигациялық белгі, 3 кеме өткізетін шлюз және 147 техникалық флот кемесі әзірленіп, жөнделді.   

Қазақстанда навигациялық маусым мерзімі орташа алғанда 196 тәулікті құрайды.

 

Елімізде өзендердегі кеме қатынасы Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндерінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда бұл салада 14 мыңға жуық адам еңбек етіп жатыр. 

 

Бұл шара апаттар санын 10,3% азайтуға және өткізу қабілетін жылына 350 кемеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз