Бетперде тақпағандар жауапқа тартылды

Жарияланды
65 тұрғынға əкімшілік айыппұл салынды

Павлодар облысының 65 тұрғыны карантин кезінде бетперде тақпағандары үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Індеттің таралуының алдын алып, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дəрігерінің қаулысымен 2020 жылдың 13 сəуірінен бастап, Павлодар өңірінің аумағында карантин режимі енгізілді. 

Карантин кезінде тұрғындардың үйден шығуына шектеу қойылды. Тек азық-түлік пен бірінші қажеттілік заттарын алу үшін ғана үйден шығуға рұқсат етіледі. 

Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан жəне 18 толмаған тұлғаларға жалғыз шығуға болмайды. Адамдар көп шоғырланатын орындарға баруға тыйым салынады. 

Көшеге шыққан адамдар бетперде тағуға міндетті.Карантин талаптарын сақтамаған тұлғалар əкімшілік жауапқа тартылады. Тəртіп сақшыларымен тұрақты түрде, карантинді аумақтарды тексеру жұмыстары жүргізіледі.
 Үйден тыс жерде бетпердесіз жүргендері азаматтарға 476-бап бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен 10 АЕК көлемінде əкімшілік айыппұл салынды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз