Бақытжан Сағынтаев аурухананың ашылуына қатысты

Аурухана 18 күннің ішінде бой көтерді

фото: Алматы әкімдігінен

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев модульді жұқпалы аурулар ауруханасының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

18 күннің ішінде бой көтерген жаңа медициналық мекеме коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған.

 

Аурухананы аралап шыққан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев кешеннің сапасы мен медициналық жабдықтармен жарақтандырылуына жоғары баға берді. Сондай-ақ ол кешенді қысқа мерзімнің ішінде салып біткен құрылысшыларға алғысын білдірді. Жаңа жұқпалы аурулар кешені уақытша ғимарат болғанына қарамастан, осындай мекемелерге қойылатын халықаралық талаптарға жауап береді. 

 

«Бүгін біздің дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлер ұйқысыз әрі демалыссыз коронавирустық инфекциямен күресуде. Өздерін аямай, бізді қорғауда. Біздің міндетіміз – олардың жұмысына барлық жағдайды жасау. Жаңа кешен жұқпалы орындардың жеткілікті қорын құруға мүмкіндік береді. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді», – деді Бақытжан Сағынтаев.

 

Жұқпалы аурулар ауруханасы 280 адамға есептелген. Ішінде 9 клиникалық бөлімше, 28 төсекке арналған реанимация бөлімшесі, бір кісілік және далаға бөлек шығуға болатын 10 палата, динамикалық бақылауда болатын бес бір кісілік палаталары бар қабылдау бөлімі орналасқан. 

 

Модульді кешенде персоналға арналған үй-жай қарастырылған. Зертханаға арналған төрт үй-жай, КТ, рентген, эндоскопиялық жабдықтар, УДЗ және электрокардиограф орнатуға арналған жеке үй-жайлар бар.

 

Штатта 75 дәрігер, 100 медбике және кіші медициналық қызметкерлер бар. Мекеменің барлық қызметкерлері «Атакент парк отель» қонақ үйіне орналастырылды. Қызметкерлер таңертең және кешкі уақытта тегін тасымалданады.

 

Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Реанимация бөліміне 28 ӨЖЖ аппараты қойылды. Сондай-ақ, ауруханада компьютерлі томограф, қан газы мен электролиттер, метаболиттер анализаторы, электрокардиограф, мониторлар, перфузорлар, жедел диализ жүйесі, медициналық диагностикалық рентген жүйесінің керек-жарақтары, ультрадыбыстық зерттеуге арналған аппараттар, бактерицидті шамдар сияқты жабдықтар орналастырылды. Бұдан өзге мобильді рентген аппараты, зертханаға арналған жабдықтар да бар.

 

Модульді кешен өзара галерея арқылы байланысқан бір қабатты екі және екі қабатты төрт корпустан тұрады. Инженерлік коммуникациялар жүйесі бойынша да, атап айтқанда желдеткіш пен кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жүргізу, электрлі жылытумен жабдықтау жұмыстары аяқталды.

 

Шаруашылық-тұрмыстық су ағыны арнайы жинағыш ыдысқа құйылып, жиналады. Өрт дабылы және бейнебақылау жүйесімен де қамтамасыз етілді. Трансформаторлық қосалқы стансаны орнату қарастырылған.

 

Емханаға кіру мен шығу үш кіру аймақтары арқылы жүзеге асырылады. Мекеме сыртында және ішкі аймақта көлік қоюға арналған орындар бар. Сондай-ақ, аурухана аумағында көлікті өңдеуге арналған алаң, бірқатар техникалық құрылыстар қарастырылған.

banner_wsj.gif

Елорданың дәріханаларындағы дәрі бағасын арнайы топ қадағалайды

Дәрі-дәрмек адам басына 2-3 қаптамадан ғана беріледі

Фото:astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арнайы құрылған топ қадағалайды. Сонымен қатар дәрілік заттарды тарату адам басына 2-3 қаптамамен шектелген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Қаланың дәріханаларында пандемияға жағдайында қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қадағалайтын мониторингтік топ елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен құрылды. Топты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп құрды. 

Мамандар қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді. 

Тізімде мынадай препараттар бар: «Тамифлю», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Аспирин-Кардио», «Ксарелто 15 мг», «Азитро 500 мг», «Азитрокс 500 мг», «Азитромицин 500 мг», «Азицин 500 мг», «Заха 500 мг», «Зитмак 500 мг», «Зитрокс 500 мг», «Сумамед 500 мг», «Амоксиклаб», «Аугментин», «Амоксиклав», «Клавам», «Флемоклав Солютаб», «Цефиксим», «Цефим», «Супракс солютаб», «Супракс 24», «Токсим-О», «Тамифлю», «Осельтамивир», «Инфлюцеин», «Флувир», «Номидес», «Ингавирин 90 мг», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю», «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурафен», «Ибупрофен», «Новиган», «Миг 400», «Нимесулид». 

«Дәріхана ұйымдарының басшыларына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын қатаң сақтау тапсырылды. Шешім дәріхана ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін әкімдік пен бөлшек сауда желісінің қауымдастықтары арасында дәрі-дәрмек жеткізілімін шектеу мақсатында әр сатып алушыға 2-3 қаптамадан асырмау туралы меморандум жасалды. «Емдеу кезінде препараттың дәл осындай мөлшері қажет, өйткені олардың жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары бар», – деп хабарлады департаменттен.

9 шілдеге дейін бірқатар вирусқа қарсы, ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер елорда дәріханаларына жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар ыстық түсіретін дәрі-дәрмектердің тапшылығында олардың балама нұсқалары бар: «Панадол», «Эффералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін азаматтар санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: маска, қолғап киіп, қолын сабынмен жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg