Алматыда коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне алғашқы төлемдер басталды

Жарияланды
3557 медицина қызметкері төлем алады

Алматыда коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне алғашқы төлемдер басталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.

500-ден астам дәрігер, 1,7 мың ортамедицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері өз төлемдерін алуда.

Жалпы алғанда, 965 млн. теңге сомаға 3557 медицина қызметкері төлем алады. Есептеулер 3 күрделілік санаты бойынша жүргізіледі.

Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлеріне төлемдер жүргізуге қатысты, төлемдер 1 тәуекел тобының санатына сәйкес барлығына сәйкес жүргізіледi.
 

Сондай-ақ оқыңыз