Алматыда коронавирус жұқтырған үш науқастың жағдайы өте ауыр

Жарияланды
Қалада Cоvid-19 індеті 513 адамнан анықталды

Алматыда Cоvid-19-ды жұқтырған 513 жағдай тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады. 

Қалада жаңадан жұқтырған 8​ жағдай анықталды.

Алты науқас қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының, біреуі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Сондай-ақ біреуі провизорлық стационарда карантинде емделіп жатқан, бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған науқас бар.

Жалпы инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке алғанда коронавирустық инфекциядан 427 адам емделуде.

Үш емделушінің жай-күйі – өте ауыр, 6-уы – ауыр, 121 адамда ауырлықтың орташа дәрежесі, қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда. Қауіпті індеттен 80 науқас емделіп шықты.

Провизорлық госпитальдарда​ 278 адам, карантиндік оқшаулауда​ – 431, ал үй карантинінде​ 9687 адам бар.

Сондай-ақ оқыңыз