Алматыда  300-ге жуық полиция қызметкерлері қорғаныс костюмдерін алды 

Жарияланды
«Полиция барлық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген»,-деді  Полиция департаментінің басшысы 

Қалада 300-ге жуық полиция қызметкері қорғаныс костюмдерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Бұл киімді бірінші кезекте Алматының карантинді периметрі бойындағы 27 бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерлері киеді.

  «Қорғаныс костюмдерін ішкі істер Министрінің тапсырмасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ресурстары жасады. Қазіргі уақытта, 280 жиынтық бар, алдағы уақытта олардың санын 350-ге жеткіземіз. Полиция барлық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов. 

Қалалық полиция басшысының айтуынша, Алматыдағы карантиндік іс-шараларға Полиция департаментінің жеке құрамынан, Ұлттық ұлан мен қорғаныс министрлігінен алты мыңға жуық адам тартылған. Патрульдеу бағыттарында 3 мыңға жуық адам қызмет етеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз