Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді

Жарияланды
Індет жұқтырғандардың көбі 20-29 жастағылар

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

«Мегаполисте 10 мыңнан астам адам қауіпті індетке тексерілді. Соның ішінде 93 жағдай расталды», — деп атап өтті спикер.

Ауырғандардың басым бөлігі мына рейстермен ұшып келген. Атап айтқанда, Мәскеу — 33%, Ыстамбұл — 25%, Берлин — 16%, Санкт-Петербург —13%, Минск — 13%.

«Жас шамасына қарай алатын болсақ, індет жұқтырғандардың көбі 20-29 жастағылар. Екінші орында 30-39 жас және үшінші, төртінші орында 40-49 жас және тиісінше 50-59 жас та бар. 60 жастан асқан, яғни осал топтағылардың арасында 7 жағдай тіркелді», — деді А. Молдағасымова.

Сондай-ақ оқыңыз