Алматы көшелерін бақылауға жүздеген офицерлер шықты

Жарияланды
Олар ҚР ІІМ Академиясының қызметкерлері мен курсанттары 

ІІМ Академиясының барлық оқытушылар құрамы Алматы көшелерін күзетуге шықты. Бұл туралы Мемлекеттік комисияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

Офицерлер Ұлттық Ұланның сарбаздарымен бірге карантин режимінің сақталуын қадағалайды. Еліміздің ірі мегаполисінің көшелерін патрульдеуге ІІМ-нің жүздеген офицері шықты. 

 ІІМ Академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен курсанттар қалада адамдардың қауіпсіздігін және жүріп-тұруын қадағалайды. Қызметкерлер алматылықтарға ТЖ шарттарын түсіндіреді және азаматтарды карантин режимінің қағидаларын сақтауға және аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпауға кеңес береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз