Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өзін-өзі кеңседе оқшаулады

Жарияланды
Ол науқас дәрігерлермен байланыста болған

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Орталық қалалық клиникалық аурухананың науқас дәрігерлерімен байланыста болғаннан кейін карантинге оқшауланды. Қазір ол жұмысында түнеп қонып жүр. 

Бұрын белгілі болғандай, Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасының 184 медицина қызметкерінен коронавирус инфекция анықталған болатын. Қазір емхана карантинге жабылды.

«Мен 6 күн бұрын орталық клиникалық ауруханаға бір науқасты қарауға барған болатынмын. Ол кезде менімен сол мекеменің бас дәрігері мен бөлім меңгерушісі болды. Сондықтан да мен вирус жұқтырғандармен байланыста болуым ықтимал болғандықтан 14 күнге оқшаулануға бел будым. Карантин басталғалы бері 3 рет тест тапсырдым. Үшеуі де теріс нәтиже көрсетті», – деді брифингте басқарма басшысы.

 

Сондай-ақ оқыңыз