Ақтөбеде 10 мыңға жуық тұрғын үй салынады

Жарияланды
 Сонымен қатар, 2439 жұмыс орны ашылады

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық тұрғын үй салынады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Ақтөбе облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 025 мың шаршы метр немесе 9,7 мың тұрғын үй салу міндеті тұр.

Биылғы І тоқсанда өңірде тұрғын үй құрылысына 13,1 млрд. теңге инвестиция салынды. Жалпы алаңы 156,8 мың шаршы метр болатын баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың  кезеңімен салыстығанда 3,6% артық. Облыс бойынша осы кезеңде жалпы 992 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласында 21,1 млрд. теңгеге 49 жоба іске асырылып, 2439 жұмыс орны ашылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз