9 сәуірде елімізге Қытайдың 13 дәрігері келеді

Жарияланды
Олар індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмектеспек

Қытай Қазақстанға індетпен күресу үшін медицина қызметкерлерін  көмекке жібереді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл туралы Coronavirus2020.kz сайты мәлімдеді.

Қытай тарапынан 13 эксперт келуі керек. Оларға арнайы борт жасақталып 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі.

Делегациямен бірге ҚХР-дан гуманитарлық көмектің екінші бөлігінің әкелінуі ықтимал.
 

Сондай-ақ оқыңыз