1414 байланыс операторларына күн сайын 400 қоңырау түседі

Жарияланды
Сағатына ең көп 600 000-ға дейін қоңырау тіркелді. 

Байланыс орталығының 1414 операторлары мен қызметкерлерінің саны 200-ден 2000-ға дейін артты. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов хабарлады.

Оның айтуынша, күн сайын 400-ге дейін қоңырау келіп түседі екен. Соның ішінде сағатына ең көп 600 000-ға дейін қоңырау тіркелді. 

Төтенше жағдай кезінде электрондық үкімет порталына түсетін жүктеме 20 есеге артты.

Порталдың жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін 2 000 астам процессор және басқа да жүйе құраушы бағдарламалар бөлінген.

85 461 жеке тұлға және 11 337 заңды тұлға ЭЦҚ-ны egov арқылы онлайн алды.
 

Сондай-ақ оқыңыз