Үкімет көп балалы отбасыларға берілетін шағын несиелер пайызын төмендетеді

«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 123 миллиард теңге бөлінді

Фото: Аскар Ахметуллин

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға берілетін шағын несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесі 6% -дан 4% -ға дейін төмендетілді. Бұл туралы 16 наурызда өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.


«Бұдан бөлек, бүгін біз халықтың әлеуметтік осал топтағы жұмыссыздар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін бірқатар өзгерістер енгіздік. Олар үшін микрокредиттер 6% -дан 4% -ға дейін қысқарды. Және несие беру шарттары да өзгерді. Бес жылдан, жеті жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, шағын бизнес ашу үшін қайтарымсыз гранттар береміз», - деді ол.


Сонымен қатар, оның айтуынша бүгінде Үкімет жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеуде. Жол картасына әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, инженерлік және көлік инфрақұрылым нысандарын жаңарту және жөндеу, елді мекендерді абаттандыру сияқты шаралар енеді.


«Біз оның негізгі тетіктері мен шарттарын ертең үкімет отырысында талқылаймыз. Бұл жайында қосымша ақпарат беріледі. Сондай-ақ, біздің азаматтарымыздың толыққанды жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 123 миллиард теңге қарастырылған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын барлық әлеует пайдалана алады»,- деді Нұрымбетов.


Еңбек министрі осы бағдарлама аясында 535 мыңнан астам адамды қамтуды жоспарлап отыр.

banner_wsj.gif

Елорданың дәріханаларындағы дәрі бағасын арнайы топ қадағалайды

Дәрі-дәрмек адам басына 2-3 қаптамадан ғана беріледі

Фото:astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арнайы құрылған топ қадағалайды. Сонымен қатар дәрілік заттарды тарату адам басына 2-3 қаптамамен шектелген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Қаланың дәріханаларында пандемияға жағдайында қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қадағалайтын мониторингтік топ елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен құрылды. Топты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп құрды. 

Мамандар қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді. 

Тізімде мынадай препараттар бар: «Тамифлю», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Аспирин-Кардио», «Ксарелто 15 мг», «Азитро 500 мг», «Азитрокс 500 мг», «Азитромицин 500 мг», «Азицин 500 мг», «Заха 500 мг», «Зитмак 500 мг», «Зитрокс 500 мг», «Сумамед 500 мг», «Амоксиклаб», «Аугментин», «Амоксиклав», «Клавам», «Флемоклав Солютаб», «Цефиксим», «Цефим», «Супракс солютаб», «Супракс 24», «Токсим-О», «Тамифлю», «Осельтамивир», «Инфлюцеин», «Флувир», «Номидес», «Ингавирин 90 мг», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю», «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурафен», «Ибупрофен», «Новиган», «Миг 400», «Нимесулид». 

«Дәріхана ұйымдарының басшыларына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын қатаң сақтау тапсырылды. Шешім дәріхана ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін әкімдік пен бөлшек сауда желісінің қауымдастықтары арасында дәрі-дәрмек жеткізілімін шектеу мақсатында әр сатып алушыға 2-3 қаптамадан асырмау туралы меморандум жасалды. «Емдеу кезінде препараттың дәл осындай мөлшері қажет, өйткені олардың жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары бар», – деп хабарлады департаменттен.

9 шілдеге дейін бірқатар вирусқа қарсы, ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер елорда дәріханаларына жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар ыстық түсіретін дәрі-дәрмектердің тапшылығында олардың балама нұсқалары бар: «Панадол», «Эффералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін азаматтар санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: маска, қолғап киіп, қолын сабынмен жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg