Төтенше жағдай режимін бұзған көлік жарыстырғандар жауапқа тартылды

Жарияланды
Олар Қапшағай қаласының тұрғындары

Алматы облысы Қапшағай қаласында жол бойында рұқсатсыз дрифт ұйымдастырған екі хайпер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 «Оқиға Алматы-Қапшағай тас жолында болды. «БМВ»маркалы екі автокөлік жарысқа түскен. Қазір азаматтардың жеке басы анықталды – олар Қапшағай қаласының тұрғындары. Аталған дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы бірнеше хаттама толтырылды. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) , 597-бабының 3-бөлігі бойынша», – деп хабарлайды Қапшағай ҚПБ басшысы Манат Айтмуханбетов.

Ұсталғандар өз әрекеттерінің қате болғанын мойындады. Әкімшілік іс жүргізу шешімін қабылдау үшін іс жүргізу жақын арада сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыз