1 view

Тағы бір лайнер карантинге жабылды

“Grand Princess” кемесі АҚШ-та орналасқан

Фото: shutterstock, Denis Belitsky.

Калифорниядағы теңіз жағалауында тұрған «Үлкен ханшайым» круиздік кемесі карантинге оқшауланды. Себебі, алдыңғы круиздағы жолаушылардың бірінен  коронавирус анықталған. Бұл жайында Би-би-си жазды.


71 жастағы ер адам Сакраментодағы клиникада қайтыс болды. Оның денсаулығы індетті  жұқтырмас бұрын да сыр берген көрінеді. Бұл Калифорнияда Covid-19 дан қайтыс болған бірінші адам. Ал, жалпы АҚШ бойынша он бірінші адам. Осы оқиғадан кейін Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом төтенше жағдай жариялады.


«Grand Princess» круиздік кемесі Carnival компаниясына тиесілі. Компанияға одан өзге Жапонияда карантинге оқшауланған «Diamond Princess» те енеді. 


Үлкен кеме Калифорниядағы ашық теңіз жағалауында карантинге жабылды. Себебі, бұған дейінгі круизде болған жолаушылардың бірі Covid-19 вирусын жұқтырған. Кемеден одан өзге 62 адам болғаны.
Бұл жолаушылар өз бөлмелерінен шықпауы тиіс.  Ал, қалғандары кеме ішінде еркін жүре алады.


Дәрігерлер 11 жолаушы мен 10 экипаж мүшесінде короновирус болуы мүмкін деп болжап отыр.
Бұған дейін Вашингтон қаласында 10 американдық Covid-19 қайтыс болған. Қазір Вашингтон, Техас және Небраск штатында 150-ге жуық адам ауырып жатыр. Аталған штаттарда төтенше жағдай жарияланған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер