Skip to main content

Санкт-Петербург коронавирусқа байланысты экономикалық форумнан бас тартты

Форумға  Владимир Путин жыл сайын қатысатын 

Фото: Донат Сорокин/ТАСС

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық комитеті коронавирусқа байланысты осы жылы  форумнан бас тартты, -деп хабарлайды «РИА Новости».


  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)  індеттің өршуіне байланысты төтенше жағдай  жариялағаннан кейін, форумды өткізбеу туралы шешім қабылданды. 

 «Ресей азаматтары мен қонақтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында осы жылғы форумды өткізбеуді шештік», - деді ұйымдастыру комитетінің төрағасы Андрей Белоусов.

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық  форумы 3-6 маусым аралығында өткізілуі тиіс болатын.

«Экономикалық форумға 145 елден 20 мыңға жуық адам келеді. Бұл елдерде эпидемиологиялық жағдай әр түрлі. Сол себепті біз өз тұрғындарымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз. Бұл шешіммен толық келісеміз. Себебі, адамдардың денсаулығын ешқандай экономикалық тиімділікпен өлшеуге болмайды.», - деді Санкт-Петербург губернаторының орынбасары Евгений Элин.

Бұл халықаралық экономикалық  форумы  Санкт-Петербургте 1997 жылдан бері өтіп келеді. 
 

banner_wsj.gif

42500 теңге: миллионнан аса өтініш келіп түскен

Олардың арасында 500 мыңнан аса айлық алатындар да болған

Фото:кursiv.kz

Қазіргі кезде 938 мың адам 42500 теңге төлем алуға 1,2 млн өтініш берген. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ өткен брифингте әлеуметтік төлем жайын тағы да түсіндірді. 

«Біріншіден 42500 теңге – емлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол жұмыс істеп, ресми, бейресми тіршілік жасап жүрген азаматтарға, бірақ төтенше жағдайға қатысты табысынан айырылған адамдарға қарастырылған», – деді министр. 

Нұрымбетов жүйе әр адамды автоматты түрде тексеретінін айтып өтті. Қазір кезде  egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп тұр, арнайы телеграм- бот іске қосылады. 

"Telegram-бот бүгін іске қосылды. Ол дайын. Бірақ оны кішкене кешіктірдік. Өкінішке қарай, кейбір "ақылды кісілер" көптеген фейк, жалған Telegram-боттарды жариялап, кішкене халықты жаңылыстырды", - деп қосып өтті Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, бұл төлемге тек жағдайы қиындап кеткен кісілер ғана емес, 500 мыңдап айлық алып жүргендер де өтініш берген. 

"Алғашқы 4 мыңнан аса өтініш келіп түскен кезде, олардың 2 мыңға жуығы қаңтар, ақпан айларында 50 мыңнан аса айлық алып жүргенін анықтадық. Алайда 16 наурыздан кейін ақшасы қалмай қалыпты да, өтініш берген. Бұл енді дұрыс емес. Сондықтан сіздерден кешірім сұраймыз, бірақ сіздерге бұл ақша төленбейді",- деді министр. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif