Павлодарда 112 адам карантинге алынды

Олардың арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталмаған

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. 

"Қазіргі таңда 12 павлодарлық стационарлық бақылауға алынды. Тағы 25 адам үй жағдайындағы карантинде болса, 75 тұрғынның жағдайын дәрігерлер телефон арқылы тұрақты түрде бақылайды", - деді Асхат Оралов. 

Өңірде 544 медициналық қызметкер короновирус инфекциясын анықтау және емдеуге қатысты оқудан өткен. Сонымен қатар, облыс орталығында 150 орындық аурухана сыртқа шалдығу белгілері бар адамдарды қабылдауға қазір. 

Сонымен қатар, Асхат Оралов елімізде төтенше жағдай жарияланған тұста Павлодар облысында тиісті шаралар шұғыл түрде қолға алынғанын атап өтті. Мектеп оқушылары демалысқа ерте шығып, студенттер қашықтықтан оқуға көшкенмен, аймақтағы 394 мектепке дейінгі білім беру мекемесі штаттық тәртіпте жұмыс істеуде. 

«Ата-аналарға өтініш жазып, балаларын үйде қалдыруға рұқсат. Бұл аралықта балабақшадағы орны сақталады әрі ақы алынбайды», - деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар, брифинг барысында осы аптада Павлодар облысына 20 мың дана медициналық бетперде әкелетіні айтылды. Алдымен олар емдеу мекемелеріне таратылады
 

banner_wsj.gif

Елорданың дәріханаларындағы дәрі бағасын арнайы топ қадағалайды

Дәрі-дәрмек адам басына 2-3 қаптамадан ғана беріледі

Фото:astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арнайы құрылған топ қадағалайды. Сонымен қатар дәрілік заттарды тарату адам басына 2-3 қаптамамен шектелген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Қаланың дәріханаларында пандемияға жағдайында қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қадағалайтын мониторингтік топ елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен құрылды. Топты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп құрды. 

Мамандар қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді. 

Тізімде мынадай препараттар бар: «Тамифлю», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Аспирин-Кардио», «Ксарелто 15 мг», «Азитро 500 мг», «Азитрокс 500 мг», «Азитромицин 500 мг», «Азицин 500 мг», «Заха 500 мг», «Зитмак 500 мг», «Зитрокс 500 мг», «Сумамед 500 мг», «Амоксиклаб», «Аугментин», «Амоксиклав», «Клавам», «Флемоклав Солютаб», «Цефиксим», «Цефим», «Супракс солютаб», «Супракс 24», «Токсим-О», «Тамифлю», «Осельтамивир», «Инфлюцеин», «Флувир», «Номидес», «Ингавирин 90 мг», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю», «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурафен», «Ибупрофен», «Новиган», «Миг 400», «Нимесулид». 

«Дәріхана ұйымдарының басшыларына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын қатаң сақтау тапсырылды. Шешім дәріхана ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін әкімдік пен бөлшек сауда желісінің қауымдастықтары арасында дәрі-дәрмек жеткізілімін шектеу мақсатында әр сатып алушыға 2-3 қаптамадан асырмау туралы меморандум жасалды. «Емдеу кезінде препараттың дәл осындай мөлшері қажет, өйткені олардың жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары бар», – деп хабарлады департаменттен.

9 шілдеге дейін бірқатар вирусқа қарсы, ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер елорда дәріханаларына жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар ыстық түсіретін дәрі-дәрмектердің тапшылығында олардың балама нұсқалары бар: «Панадол», «Эффералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін азаматтар санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: маска, қолғап киіп, қолын сабынмен жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg