Өзбекстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 23-ке жетті

Жарияланды
Елде барлық шара тоқтатылды

Өзбекстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 23-ке жетті, -деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Коронавирус індетінің таралмауына арналған арнайы республикалық комиссияның шешімі  бойынша, елде балалар ойын бөлмелері, дискотека мен массаж салондарының қызметі тоқтады.

Өзбекстанда кинотеатрлар мен театрлар, сонымен қатар, футбол матчтарына да шектеу қойылды. Ташкентте хайуанаттар бағы 19 наурыздан бастап жабылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз