Skip to main content

Нұр Сұлтанда қоғамдық көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады

Қалалық көлік жүйелері күшейту шаралары туралы мәлімдеді

Фото: Shutterstock.com

Нұр Сұлтанда қоғамдық көліктерді залалсыздандыру қолға алынды. Бұл туралы Facebook-те City Transport Systems компаниясының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова жазды.

 «Барлық жүргізушілер командасы хабардар. Ертеңнен бастап әр автобустың ішкі бөлігі дезинфекцияланады, яғни тұтқалар, есіктер, терезелер және т.б»,-деді Лоскутова.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қоғамдық көлікті залалсыздандыру туралы айтқан болатын.

 «Егер бұрын қоғамдық көліктерді таңертен және кешке тазалаған болса, енді әр рейстен кейін бұл жұмыстар жүргізіледі»,-деді Біртанов.

banner_wsj.gif

Қазақстанның кейбір облыстарында су тапшылығы сезілуі мүмкін

Оған трансшекаралық өзен суының азаюы себеп

Жаңа егіс науқанының алдында еліміздің бірқатар аймақтарында су тапшылығы сезілуі мүмкін. Бұл туралы геология, экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев суармалы жердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралған үкімет отырысында мәлімдеді. 

Министр гидрологиялық болжам бойынша, биыл оңтүстік және батыс облыстарда су тапшылығы сезілуі мүмкін дейді. Бұған дейін ел үкіметі елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басым бағыт деп белгілеген еді. Осы орайда Мырзағалиев ауыл шаруашылық саласында жүрген шаруаларды қажетті сумен қатамасыз ету – осы міндеттің бір бөлігі деп тұжырымдайды.

«Осыған орай біз тиісті шараларды қабылдадық. Су қоймаларының жұмыс кестесі қайта қаралып, әзірленді. Оны дайындау барысында суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету есепке алынды. Қазіргі таңда су қоймалары толтырылып жатыр",- деді ол Үкімет отырысында. 

Қазақстанның трансшекаралық өзендері бастау алатын көрші елдер – Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда да су тапшылығы сезілуі жағдайды одан әрі ушықтырып тұр. Бұл өзендердің суы елдің оңтүстігі мен батысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерді суаруға пайдаланылады.

«Біз өз тарапымыздан өзбек, қырғыз және тәжік әріптестерімізбен тиісті  келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің басты назарда – Сырдария, Шу, Талас өзендері және мемлекетаралық каналдар бойынша Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына қажетті су келуін қамтамасыз ету. Осыған орай, видеобайланыс арқылы 10 сәуірде су шаруашылық министрліктерінің арасында консультация өткізу жоспарланған»,– деп айтып өтті министр.

Минстрліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі. Былтыр сол жерлерді суару үшін 12,3 млрд м3 су жұмсалды. Бұл еліміз бойынша тұтынатын судың 67% құрайды.

Бір гектар жерді суаруға кететін су көлемін орта есеппен 6 м3-ке дейін азайтса, ұнемделген сумен тағы да 2 млн гектар жерді суғаруға болады екен. Сондықтан министр суды үнемдеу технологиясын көбірек пайдалану керек деп тұжырымдайды. 

«Тамшылатып суару, жаңбырлату және егіс көлемін жоспарлаудың жаңа технологиялары пайдаланылатын суды бұрынғы тәсілдермен салыстырғанда, 33 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы - шығындалған судың өнімділігі артады, 1 шаршы мерт суды пайдалана отырып, 2,5 есе көп өнім алуға болады»,– деді ол. 

Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында 205 километр канал тазаланды және бұл жұмыс әрі қарай жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, 335 гидротехникалық нысандар жөнделіп, 39 километр канал бетонмен қапталды.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif