Нұр-Сұлтанда автобустар кешкі тоғызға дейін жұмыс істейді

Жарияланды
Қалада қоғамдық көліктер саны азайды 

Нұр-Сұлтан аумағында карантинге байланысты қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте «Қалалық көлік жүйелері (КТС)» ЖШС директоры Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.

 «Бағыттардың саны азайды.  Қазіргі уақытта, 856 қоғамдық көліктердің саны 676  дейін қысқарды. Қаладағы жолаушылар тасымалы 40 пайызға төмендеген», – деді  Игенбердинов.

Сонымен қатар, қала маңындағы қоғамдық көліктердің кестесі өзгерді. Енді 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

19 наурыздан бастап, COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты, Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз