Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз медициналық бетпердені сатқандар ұсталды

Жарияланды
Маскалар көтерме бағамен 300-ден 800 теңгеге дейін сатылды

Елордада полиция рейд  жүргізу барысында медициналық маскаларды заңсыз тіккендер ұсталды,- деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 «Жеке пәтерде 800 дана маскалар мен бетперде жасауға арналған маталар, сонымен қатар, екі тігін машинасы табылды және тәркіленді», – деп жазады сайт.

Қазіргі төтенше жағдайдағы шектеулерге қарамастан, бірқатар іскер азаматтар санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарды бұзған. Олар заңсыз маскаларды тігіп және антисептикалық препараттарды өндірген. 

Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша ҚР ҚК 214-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Онда 2000 АЕК (2020 жылы республикада бір айлық есептік көрсеткіш 2 мың 651 теңге) 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты медициналық бетперделер тапшылығы туындады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз