Наурыз мейрамында қазақстандықтар қайда ұшады

Жарияланды
Ішкі және халықаралық рейстердің тізімі

21 наурыздан 25 наурызға дейінгі ұзақ демалыс күндері қазақстандықтар үшін ең сұранысқа ие   Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент арасындағы  ішкі рейстер болмақ .

Ең сұранысқа ие  ішкі маршруттар:

Алматы – Нұр Сұлтан

Нұр- Сұлтан – Алматы

Нұр -Сұлтан – Шымкент

Шымкент – Нұр- Сұлтан

Алматы – Шымкент.

 Ал, биыл қазақстандықтар үшін  халықаралық бағыттардан: Ыстамбұл, Ташкент, Мәскеу, Санкт-Петербург, Прага, Тбилиси, Киев, Варшава, Анталия, Франкфурт, Барселона, Париж, Ташкент  сияқты рейстер трендке енді.

Коронавирусқа байланысты басқа сыртқы  бағыттар – Дубай, Баку, Куала-Лумпурға рейстер уақытша тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Италия, Оңтүстік Корея, Иран және Қытай коронавирусқа қарсы дисфункционалды елдердің жоғары санатына кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз