Skip to main content

"MEGA сауда ойын-сауық орталық желісі карантиндік режимде жұмыс істейді" — Н.Смағұлов

Супермаркет пен дәріханалар жұмыс істейтін болады

Фото: Shutterstock

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу үшін барлық MEGA сауда ойын-сауық орталықтарын жабуға шешім қабылдадық,-деді Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.


Супермаркет пен дәріхана өз жұмысын әрі қарай жалғастыра береді,- деді ол.

«Рамстор» супермаркеті күнделікті сағат 9:00-ден 23:00 дейін, ал дәріхана сағат 10:00-ден 22:00 дейін жұмыс істейді. 

«Біздің жалға алушылардың мүдделерін барынша ескере отырып, сауда ойын-сауық орталығының жабылу кезеңінде жалгерлік ақы алынбайды. Біздің алдымызда өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығын сақтау міндеті тұр. Өздеріңізге сақ болыңыздар. Біз бұл қиын кездерде жасап отырған шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз, мұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктерінің үшін жасалуда. Бірге біз бұл қиындықтардан да өтеміз. Компаниямыздың атынан сіздерге сенімдеріңіз бен қолдауларыңызға алғыс білдіреміз»,-деді Нұрлан Смағұлов. 
 

banner_wsj.gif

42500 теңге: миллионнан аса өтініш келіп түскен

Олардың арасында 500 мыңнан аса айлық алатындар да болған

Фото:кursiv.kz

Қазіргі кезде 938 мың адам 42500 теңге төлем алуға 1,2 млн өтініш берген. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ өткен брифингте әлеуметтік төлем жайын тағы да түсіндірді. 

«Біріншіден 42500 теңге – емлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол жұмыс істеп, ресми, бейресми тіршілік жасап жүрген азаматтарға, бірақ төтенше жағдайға қатысты табысынан айырылған адамдарға қарастырылған», – деді министр. 

Нұрымбетов жүйе әр адамды автоматты түрде тексеретінін айтып өтті. Қазір кезде  egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп тұр, арнайы телеграм- бот іске қосылады. 

"Telegram-бот бүгін іске қосылды. Ол дайын. Бірақ оны кішкене кешіктірдік. Өкінішке қарай, кейбір "ақылды кісілер" көптеген фейк, жалған Telegram-боттарды жариялап, кішкене халықты жаңылыстырды", - деп қосып өтті Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, бұл төлемге тек жағдайы қиындап кеткен кісілер ғана емес, 500 мыңдап айлық алып жүргендер де өтініш берген. 

"Алғашқы 4 мыңнан аса өтініш келіп түскен кезде, олардың 2 мыңға жуығы қаңтар, ақпан айларында 50 мыңнан аса айлық алып жүргенін анықтадық. Алайда 16 наурыздан кейін ақшасы қалмай қалыпты да, өтініш берген. Бұл енді дұрыс емес. Сондықтан сіздерден кешірім сұраймыз, бірақ сіздерге бұл ақша төленбейді",- деді министр. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif