Әлемде індетті жұқтырғандар саны шамамен 130 мың адамды құрайды

Жарияланды
4,9 мыңға жуық адам қайтыс болды

Қазіргі таңда 129,846 адам Covid-19 індетін жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 4,931-ге жетті, 68 мыңнан астам адам сауығып кетті, деп хабарлайды South China Morning Post. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан жазады.

Қытайда – 80.793 адам жұқтырса (3.169 қайтыс болды), Италия – 15113 (1.016), Иран – 10.075 (429), Оңтүстік Корея – 7.869 (66), Испания – 2.950 (84), Франция – 2.281 (48), Германия – 1.567. мың (3), Жапонияда, Йокогамада карантинге жабылған круиздік кемені есепке алғанда – 1316 (22), АҚШ – 987 (35).

Бұрын хабарланғандай, ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус індеттің әлемде таралуына байланысты пандемия туралы мәлімдеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз