Көше мен қоғамдық орында қылмыс саны 38,9% азайды

Жарияланды
Алматыда ТЖ кезінде ұрлық азайған

Полиция департаменті Алматыда карантин кезіндегі қаладағы жағдай туралы айтты.

«Қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және қылмыстың төмендеу үрдісі байқалады. Бір тәулік ішінде қалада 57 қылмыс тіркеліп, оның 32-і ізі суымай ашылды. Бұл 16 наурыздағы ахуалмен салыстырғанда 39,4%-ға аз. Соның ішінде біреудің мүлкін ұрлау – 47,7%-ға, көшеде және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 38,9 пайызға азайды»,-деді полиция департаменті.

Сонымен қатар бүгінен бастап Алматы полициясы шаһар тұрғындарына ақпарат тарату үшін дауыс ұлғайтқыштары бар арнайы көліктерді іске қосты.

Сондай-ақ оқыңыз